фото: ашық дереккөзден
Беларусьтің Светлогорск қаласынан Житкович ауданына қоныс аударған 36 жастағы әйел 83 жастағы қарияның бүкіл өмірін өзгерткен оқиғаның басты себепкеріне айналды.
Алдымен әйел 61 жастағы жұмыссыз ер адаммен бірге тұра бастаған. Үйге оның 83 жастағы ағасы жиі келіп жүрген. Бір кеште үшеуі бірге ішімдік ішкен кезде, үй иесі ұйықтап қалған сәтті пайдаланған әйел мен қария арасында жақын байланыс орнаған. Кейін бұл қарым-қатынас екі ағайындымен де жалғасқан.
Арада біраз уақыт өткен соң, 83 жастағы ер адамның денсаулығы нашарлап, дәрігерлер оған АИТВ диагнозын қойды. Зерттеу нәтижелері вирустың дәл осы әйелден жұққанын көрсеткен. Себебі ол өзінің ауруы туралы 2002 жылдан бері білгенімен, ешкімге айтпаған және қорғану тәсілдерін қолданбаған.
Тағы бір таңғаларлық жайт – екі ағайынды да әйелге қарсы арызданудан бас тартқан. Керісінше, кешірім беріп, онымен байланысын үзбеген.
Сот әйелдің әрекетін қасақана жасалған құқықбұзушылық деп танып, оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті.