фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин
Америкалық Sports Illustrated басылымы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің рингке қайта оралу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
GGG жуырда BBC-ге берген сұхбатында, егер ол World Boxing ұйымының президенті болып сайланса, ресми түрде карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтқан. Алайда 43 жастағы Головкин рингке қайта шығу мүмкіндігін жоққа шығармады.
Басылым бұл жағдайды Мэнни Пакьяоның тәжірибесімен салыстырды:
"World Boxing президентінің рингке шығуы – бұрын-соңды болмаған жағдай емес. Мэнни Пакьяо қазіргі уақытта IBA ұйымының вице-президенті бола тұра, келесі жылы бокстағы мансабын жалғастыруға ниетті. Өзінің спорттық шарықтау кезеңінде ол бокс мансабымен қатар, Филиппиндегі түрлі мемлекеттік сайланбалы қызметтерді де атқарып жүрді", – деп жазады мақалада.