Ел мақтаған Шерхан Қалмырза ұлттық құрамаға бұрын-соңды болмаған тарихи жеңіс сыйлады

Ел мақтаған Шерхан Қалмырза ұлттық құрамаға бұрын-соңды болмаған тарихи жеңіс сыйлады

фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Шерхан Қалмырза

Қазақстанның U-19 құрамасы 2025/26 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Біздің құрама 1-топта екінші орын алып, келесі кезеңге өтті. Бұған параллель өткен матчтағы Нидерландының Ирландияны 4:2 есебімен ұтуы әсер етті.

Қазақстан Кипрмен соңғы ойында 1:1 есебімен тең түсті. Нәтижесінде команда 4 ұпай жинап, топта екінші орынға тұрақтады.

Топтағы түпкілікті нәтиже:

  1. Нидерланды – 9 ұпай, 1-орын
  2. Қазақстан – 4 ұпай, 2-орын
  3. Ирландия – 3 ұпай, 3-орын
  4. Кипр – 1 ұпай, 4-орын

Осылайша Нидерланды мен Қазақстан құрамалары Еуропа чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінде өнер көрсетуді жалғастырады.

Еске салайық, Қазақстан бұл іріктеудің алғашқы матчында Ирландияны 1:0 есебімен жеңіп, кейін Нидерландыға 1:2 есебімен жол берген болатын.