Мектептің 35 жастағы мұғалімі өзінің оқушысынан жүкті болып қалды

Мектептің 35 жастағы мұғалімі өзінің оқушысынан жүкті болып қалды

фото: Boy_Anupong / Getty Images

Жаңа Зеландияда бұрын-соңды болмаған оқиға тіркелді: мектеп мұғалімі өз оқушысынан жүкті болып, педагогикалық жұмысынан уақытша шеттетілді.

Басылым таратқан мәліметке сәйкес, 35 жастағы педагог медициналық және мінез-құлық қиындықтары бар жасөспірімдер оқитын оқу орнында қызмет еткен. Ол 17 жастағы бір оқушыға ерекше қамқорлық танытып, оның жағдайын жақсартуға тырысқан. Кейін мұғалім сол жасөспірімнің ресми қамқоршысы ретінде тіркелген.

Қамқоршылық рәсімінен соң оқушы кепілмен босап, мұғалімнің үйінде тұра бастаған. Араға бірнеше ай салып, олардың арасында романтикалық қарым-қатынас орнаған. Сол кезде жасөспірім әлі кәмелетке толмаған еді. Уақыт өте келе мұғалім оқушысынан жүкті болған.

Кейін жасөспірім кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған арнайы орталыққа ауыстырылған. Сол жерге мұғалімнің бірнеше рет іздеп барғаны белгілі болып, олардың қатынасы әшкереленген.

Мектеп әкімшілігі бұл жайтты мұғалімдерге арналған тәртіптік трибуналға жолдады. Тергеу нәтижесінде педагог оқушыға қатысты қамқоршылық мәртебесін өз пайдасына пайдаланып, онымен жеке қарым-қатынас орнатқаны анықталған.

Admin
Admin
Автор