Сүйінші! Арманым орындалды! Қарақат Әбілдина асыға күткен қуанышын бөлісті

Сүйінші! Арманым орындалды! Қарақат Әбілдина асыға күткен қуанышын бөлісті

фото: ашық дереккөзден

Белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Қарақат Әбілдина жаңа еңбегін – «Қарақат салған қанатты ән» атты кітабын оқырман қауымға ұсынды.

Әншінің айтуынша, бұл жинақ – жетіген аспабына арналған тұңғыш музыкалық еңбек болып табылады. Кітапта Қарақат Әбілдинаның көне аспапта орындаған 32 әнінің мәтіні мен ноталары, сондай-ақ әр туындыны QR-код арқылы тыңдауға мүмкіндік беретін аудионұсқасы қамтылған.

"Бұл кітап – жетігенде ойнауды үйренгісі келетін жас өнерпаздар мен музыка пәнінің ұстаздарына үлкен көмек болады деп сенемін. Бұл – тек менің шығармашылығым ғана емес, қазақ руханиятына қосқан шағын үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді қалдыру – бала күнгі арманым еді. Осы кітап – сол арманның орындалған бір сәті", – деп бөлісті қуанышымен әнші.

Кітаптың тұсаукесеріне мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғам белсенділері мен ұлттық өнер жанашырлары қатысып, Қарақат Әбілдинаның бұл еңбегін қазақ музыкасына қосылған маңызды жаңалық деп бағалады.

Admin
Admin
Автор