Нұрбек Оралбайдың орнын басқан жігіт Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Нұрбек Оралбайдың орнын басқан жігіт Әлем кубогының жартылай финалына шықты

фото: ҰОК. Суретте: Санжарәлі Бегалиев

Қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан World Boxing ұйымы ұйымдастырған Әлем кубогының финалдық кезеңінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Санжарәлі Бегалиев Оңтүстік Корея боксшысы Ким Мин Сёнмен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.

Осылайша Санжарәлі Бегалиев турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. Ал оның қарсыласы Ким Мин Сён жүлделі орынға жете алмады.

Айта кетейік, бұл турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы сегіз салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр.