"Көз тиді": қазақ дзюдошысын татамиден дәрігерлер зембілде алып кетуге мәжбүр болды (видео)

"Көз тиді": қазақ дзюдошысын татамиден дәрігерлер зембілде алып кетуге мәжбүр болды (видео)

фото: ijf.org. Суретте: Мейірлан Максим

Қазақстан құрамасының өкілі Мейірлан Максим Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалға дейін жетті.

Аталған кезеңде оның қарсыласы жапониялық төрт дүркін әлем чемпионы (үшеуі командалық сайыста) Гоки Тадзима болды.

Жапон балуаны бұл белдесуде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Белдесуден кейін жарақат алып қалған қазақ дзюдошысы дәрігерлердің көмегімен татамиден шықты. 

Осылайша, жарыстың тағы бір күні Қазақстан құрамасы үшін жүлдесіз аяқталды.

Қазіргі уақытта ұлттық құраманың еншісінде бір ғана медаль бар. 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанған болатын.