"Қайраттың" қаһарман қақпашысына қатысты ел күтпеген хабар тарады

"Қайраттың" қаһарман қақпашысына қатысты ел күтпеген хабар тарады

фото: instagram.com/f.c.kairat

Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Заруцкий алматылық "Қайрат" клубымен келісімшартын ұзартатын болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан чемпионы атанған клуб тәжірибелі қақпашыны өз қатарында қалдыруды жөн көрген. Бұған дейін БАҚ-та Заруцкийдің командадан кетуі мүмкін деген хабар тараған еді.

32 жастағы қақпашы биылғы маусымда барлық турнирде 24 матчқа қатысып, командамен бірге Қазақстан Суперкубогын және ел чемпионатын жеңіп алды.

Айта кетейік, Transfermarkt порталының дерегінше, Александр Заруцкийдің нарықтық құны 350 мың еуроға тең.