Головкин біздікілерге жақтасты: World Boxing әлем чемпионатының шындығы ашылды

Головкин біздікілерге жақтасты: World Boxing әлем чемпионатының шындығы ашылды

фото: Ben McShane/Getty Images. Суретте: Геннадий Головкин

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова өзінің әлем чемпионатындағы тарихи жеңісінде Геннадий Головкиннің қолдауы ерекше рөл атқарғанын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Мен финалды аяқтаған соң, ол маған келіп, қатты қуанды. Жалпы бүкіл команданың жақсы өнер көрсеткеніне риза болды. "Жарайсың, ең бастысы – рухың түспесін, алға жүре бер, әлі көп жұмыс күтіп тұр" деді. Головкин өте қарапайым адам. Өзі бұрынғы спортшы болғандықтан, бізді жақсы түсінеді. Бір-бірімізді жарты сөзден-ақ ұғамыз. Артық ештеңе айтпайды – нақты, кәсіби кеңес береді. Оның әрбір сөзі мен үшін үлкен мотивация болды. Осындай адамнан ақыл есту – нағыз мәртебе", – деді әлем чемпионы.