Қазақ боксшылары Головкин басқаратын ұйымға қатысты тосын мәлімдеме жасады

Қазақ боксшылары Головкин басқаратын ұйымға қатысты тосын мәлімдеме жасады

фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшылары Виктория Графеева мен Наталья Богданова IBA және World Boxing ұйымдары өткізген әлем чемпионаттарын салыстырды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Айта кетсек, IBA ұйымының әйелдер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өткен болатын. Сол додада Виктория Графеева күміс медаль иеленсе, Наталья Богданова қола жүлдегер атанған еді.

Ал қыркүйек айында World Boxing ұйымының әлем чемпионаты Англияның Ливерпуль қаласында өтті. Бұл жарыста Наталья Богданова чемпион атанып, Виктория Графеева қола медаль жеңіп алды.

Журналистер спортшылардан екі ұйымның айырмашылығы туралы сұрағанда, олар былай деп жауап берді:

"Біз Сербиядағы чемпионатты да талқыладық. Екі ұйымның басты айырмашылығы – ұйымдастыру деңгейі мен қатысушылардың құрамы. IBA мен World Boxing-тің жүйесі айтарлықтай өзгеше", – деді Виктория Графеева.

Ал Наталья Богданова өз пікірін ашық білдірді.

"Маған World Boxing көбірек ұнады. Онда бәсекелестік жоғары, әрі ұйымдастыру деңгейі де жақсырақ", – деп атап өтті ол.