фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов
UFC промоушені соңғы өткен турнирдің нәтижесі бойынша жаңа рейтинг тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Өткен аптада Лас-Вегаста өткен турнирдің басты жекпе-жегінде бразилиялық Габриэль Бонфим ямайкалық Рэнди Браунды нокаутпен жеңді. Бұл кездесу 77,1 кг дейінгі (жартылай орта салмақ) санатында өтті және дәл осы дивизионның рейтингін өзгертті.
Жеңістің арқасында Бонфим төрт сатыға көтеріліп, топ-10 құрамына енді. Ол америкалықтар Колби Ковингтон, Джефф Нил, Даниэль Родригес және бразилиялық Гилберт Бернсті артта қалдырды.
Ал осы салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов өз орнын сақтап, рейтингіде үшінші орында қалды.
Аталған дивизионның чемпиондық белбеуі қазіргі таңда аустралиялық Джек Делла Маддаленаға тиесілі. Ол келесі турнирде ресейлік Ислам Махачевке қарсы жекпе-жек өткізіп, титулын қорғайды. Бұл кездесу UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ.
Сонымен қатар тағы бір қазақстандық спортшы Асу Алмабаев өз салмағында тоғызыншы орнын сақтап қалды.