Қаралы хабар! Қазақ боксын биікке көтерген тұлға көз жұмды (ФОТО)

Қаралы хабар! Қазақ боксын биікке көтерген тұлға көз жұмды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Қазақстан боксының ардагері Рафаэль Гайсич Вахитовтың 98 жасқа қараған шағында өмірден озғанына байланысты оның отбасына және еліміздің бокс қауымдастығына көңіл айтамыз, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Рафаэль Вахитов – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қызметкері және жаттықтырушысы.

Павлодар облысының тумасы болған ол ұзақ жылдар бойы ел спортына өлшеусіз еңбек сіңіріп, көптеген чемпиондар мен спорт шеберлерін тәрбиеледі.