фото: ашық дереккөзден. Суретте: Медеу Арынбаев
Белгілі әнші әрі актер Медеу Арынбаев "Бүгін.live" бағдарламасында келесі жылы ұлын үйлендіріп, келін түсіргелі жатқанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесінің айтуынша, келер жылы ол ұлын үйлендіріп, келінді болмақ.
"Келер жылы ұлымды үйлендірмекпіз. Қазір оның сүйген қызы бар, екеуі қол ұстасып жүр. Мен ешқандай талап қоймаймын, бәрін өзі шешеді. Біз ниетімізді білдіріп, тілеулес болып отырмыз. Әрдайым "ата-аналарыңның сенімін ақтаңдар, өз өмірлеріңді өздерің құрыңдар" деп айтып жүремін. Бастысы – бақытты болсындар", – деді Медеу Арынбаев.