17 жастағы Дастан Сәтпаев Қазақстан біріншілігінде ел естімеген жетістікке жетті

17 жастағы Дастан Сәтпаев Қазақстан біріншілігінде ел естімеген жетістікке жетті

фото: kff.kz. Суретте: Дастан Сәтпаев

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер-Лигасындағы футболшылардың нарықтық құнын қайта жаңартты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл жолғы басты жаңалық – еліміздің басты футболдық үміті Дастан Сатпаевтың нарықтық құнының айтарлықтай өсуі болды. 17 жастағы вундеркинд рейтингте айқын басымдықпен көш бастады.

Футболдық қабілеттері бойынша ерте жетілген Сатпаев ересектер арасындағы ойынға тез бейімделді. Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасаған ең жас ойыншы енді бір жылда Лондонның «Челси» клубының футболшысы атанбақ. Қазірдің өзінде елдің басты таланттарының бірі екенін дәлелдеп жүр.

Өзінің екінші кәсіби маусымында Сатпаев 19 ойында 9 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Оның үшеуі ұлттық құраманың сапында өткен. Нарықтық құны 1,3 миллион еуроға өсіп, қазіргі таңда 1,8 миллион еуроға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша ол елдегі ең қымбат төртінші ойыншы атанды. Үштікке кіретіндер – Бақтиёр Зайнутдинов (3,3 млн еуро), Нұралы Әліп (3 млн еуро) және Максим Самородов (2,5 млн еуро).