фото: Visionhaus/Getty Images. Суретте: Елена Рыбакина
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Эр-Риядта өткен маусымның финалдық турнирінен кейін спортшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Рейтингтің үздік үштігінде өзгеріс болған жоқ: бірінші орында – Беларусь өкілі Арина Соболенко, екінші орында – польшалық Ига Швёнтек, ал үшінші орында – АҚШ спортшысы Кори Гауфф.
Финалдық турнирдің жеңімпазы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді. Еске сала кетсек, Рыбакина Эр-Риядтағы турнирде мінсіз нәтиже көрсетіп, барлық бес кездесуін жеңіспен аяқтады. Финалда ол Арина Соболенконы жеңді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева рейтингте 73-орнын сақтап қалды.
Жұптық сында қазақстандық Анна Данилина 13-орыннан 15-орынға төмендеді, ал Путинцева бір сатыға түсіп, 106-орынға жайғасты. Жібек Құламбаева екі орынға жоғары көтеріліп, 130-сатыға шықты.
Жұптық рейтингтің көшбасшылары – Чехия спортшысы Катержина Синякова мен АҚШ өкілі Тейлор Таунсенд. Үшінші орынды италиялық теннисшілер Сара Эррани мен Жасмин Паолини бөлісіп тұр.