фото: Robert Prange/Getty Images. Суретте: Елена Рыбакина
Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемнің алтыншы нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина мансабындағы ең ірі жетістіктерінің біріне қол жеткізді – ол алғаш рет WTA маусымының қорытынды турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін чемпионы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнады.
Тартысты кездесу екі сетке созылып, екіншісі тай-брейк арқылы аяқталды. Қазақстандық спортшы 6:3, 7:6 (7:0) есебімен сенімді жеңіске жетті.
Елена матч барысында 13 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бірін тиімді пайдаланды. Ал қарсыласы Соболенко 5 эйс орындағанымен, өз мүмкіндіктерін ұтымды жүзеге асыра алмады.
Бұл жетістік Рыбакина үшін ерекше тарихи мәнге ие – ол бұған дейін бұл турнирге екі рет қатысқанымен, топтық кезеңнен әрі аса алмаған еді.
Сонымен қатар, Елена Рыбакина – 1972 жылдан бері WTA қорытынды турнирінде чемпион атанған алғашқы азиялық теннисші атанды.