Еліміздің бас педагогы мұғалімдерді әбден қинаған жұмысқа нүкте қойды

Еліміздің бас педагогы мұғалімдерді әбден қинаған жұмысқа нүкте қойды

фото: Коллаж: ulysmedia.kz

Соңғы уақытта қоғам назарында болған және ұстаздар тарапынан қатты сынға ұшыраған "Мақсатты мектеп" жобасы ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің қатысуымен өткен кеңейтілген алқа жиынында мәлім етті. Кездесуде білім сапасы мен мектеп жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Министрдің айтуынша, аталған жоба мұғалімдерге қосымша жүктеме артып, олардың негізгі оқу-әдістемелік жұмысына кедергі келтірген. Сонымен қатар, жобаның заңды негізі мен ресми құжаттары болмаған, сол себепті оны тоқтату жөнінде шешім қабылданған.

"Мұғалімдерді қолдаудың орнына, оларды қосымша сабаққа тартып, ауыр жүктемеге салған, нақты мақсаты мен ережесі анықталмаған "Мақсатты мектептер" жобасы тоқтатылуы керек. Ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет, бірақ ол заңға сай, жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс", – деген еді Сүлейменова депутат кезінде.

Admin
Admin
Автор