фото: Julian Finney/Getty Images. Суретте: Елена Рыбакина
2022 жылғы Уимблдон чемпионы, қазіргі таңда әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Эр-Риядта өтіп жатқан WTA 2025 маусымдық финалының шешуші кездесуіне жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Рыбакина жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Осылайша, турнир тарихында (1972 жылдан бері) Елена Рыбакина WTA маусымдық финалына шыққан Азия елдерінен шыққан үшінші теннисші атанды. Бұған дейін финалға Қытай спортшылары — Ли На (2013) және Циньвэнь Чжэн (2024) шыққан болатын.
Финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Соболенко жартылай финалда америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған.