Жәнібек Әлімханұлы бар қазақ асыға күткен хабарын айтып, елді қуантты (ФОТО)

Жәнібек Әлімханұлы бар қазақ асыға күткен хабарын айтып, елді қуантты (ФОТО)

фото: instagram/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде жаңа сурет жариялап, алдағы жекпе-жекке дайындық барысын көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жаттығу залында түскен суретте Жәнібек Әлімханұлы жейдесіз қалыпта тамаша спорттық формасын, әсіресе прессін көрсетті.

"Үшінші титулымды алуға тура 1 ай қалды», – деп жазды боксшы фотосының астына.

Жанкүйерлер өз қаһарманына қолдау білдіріп, алдағы кездесуде жеңіс тіледі:

"Нағыз сұлтансың!", "Саған сенеміз, Жәнібек!", "Айтқаның келсін, үшінші белбеуді өзіңе бұйыртсын!" – деп жазды пікір қалдырушылар.