фото: Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі
Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ерлер арасындағы жарыста өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанғандар: Тілеуберді Сүлеймен (Шымкент), Ғази Мұхаммед (Сауд Арабиясы), Алдияр Мелс (Алматы), Саят Ильясов (Өзбекстан), Абдельазиз Омар (Сауд Арабиясы), Бахром Довуров (Өзбекстан), Нұрсұлтан Шілдебай (Алматы), Данияр Өкенов (Абай облысы), Мұқағали Махметәлі (Шымкент) және Ақарыс Тәжіханов (Шымкент).
Әйелдер арасында алтын медаль иегерлері: Маржона Савриева (Өзбекстан), Шахина Нематова (Өзбекстан), Лаура Нышанбай (Шымкент), Тоғжан Ыстыбай (Түркістан облысы), Аида Сәрібарова (Түркістан облысы) және Лиман Тастайбек (Шымкент).
Айта кетейік, өзбек құрамасы сапында өнер көрсеткен этникалық қазақ Саят Ильясов Шымкенттегі бұл турнирде алтын медаль жеңіп алды. Ол биыл жастар арасында өткен Азия чемпионы атанған болатын.