Күтпеген жаңалық! Головкинге қатысты ел арасында сұмдық хабар тарады

Күтпеген жаңалық! Головкинге қатысты ел арасында сұмдық хабар тарады

фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиаданың чемпионы Евгений Тищенко әуесқой бокстың жаңа ұйымы – World Boxing-тің болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Шынымды айтсам, бұл ұйымның жұмысын көп бақылай бермеймін. Бірақ олардың Ливерпульде өткен әлем чемпионатын көрдім – спортшылар деңгейі жаман емес. Дегенмен, IBA әлдеқайда ірі әрі тәжірибелі ұйым. Оның ұйымдастыратын жүлде қоры мен ауқымына World Boxing әзірге жете алмайды. Қазір IBA ешкіммен салыстыруға келмейді", – деді Тищенко.

World Boxing 2023 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Швеция және Филиппин елдерінің бастамасымен құрылды. Ұйым – Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) IBA-ны мойындауды тоқтатқаннан кейін пайда болған балама құрылым. IBA-ны қазіргі уақытта ресейлік функционер Умар Кремлёв басқарады.

Айта кетейік, World Boxing ұйымының президенті лауазымына үміткерлердің бірі – атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Сайлау 23 қарашада Италия астанасы Римде өтетін Дүниежүзілік конгресс барысында ұйымдастырылмақ.