фото: ашық дереккөзден
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни күнтізбені жариялады.
Шариғат және пәтуа бөлімінің мәліметінше, келер жылы қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Қадір түні – 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге, ал Ораза айт мерекесі 20 наурызға сәйкес келеді.
Сондай-ақ Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр аралығында атап өтіледі.
Бас мүфтият дерегіне сай, Миғраж түні – 16 қаңтардан 17 қаңтарға қараған түнге, ал Бараат түні – 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түнге түседі.
Айта кетейік, діни мерекелердің нақты уақыты айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан көрсетілген күндер бір күн алға немесе артқа жылжуы ықтимал.
