"Жаным, сен үшін бәрі...": Махмұд Сабырханның екінші әйелі ел естімеген құпиясын ашып қойды (ВИДЕО)

"Жаным, сен үшін бәрі...": Махмұд Сабырханның екінші әйелі ел естімеген құпиясын ашып қойды (ВИДЕО)

фото: sportinside.kz коллажы

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен жұбайы туралы видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Боксшының алған екінші жары Айғаным Ержігітқызы TikTok желісіндегі ресми парақшасында Махмұд екеуінің хаттарын жариялады. Бұл хаттарда Махмұд Сабырханның жарына жазған жылы сөздерін көруге болады.

Еске сала кетейік, 31 қазанда қазақтың танымал боксшысы, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан екінші рет шаңырақ көтергені туралы хабар тарады. Әлеуметтік желіде спортшының жаңа отбасылық қуанышы жайлы видео жарияланды. Онда қалыңдық Айғаным Ержігітова өз тойынан естелік бейнематериалдар бөліскен.