фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Темірлан Анарбеков
SofaScore платформасы Миланда өткен Чемпиондар лигасының төртінші турындағы "Интер" – "Қайрат" кездесуінде алматылық команданың қақпашысы Темірлан Анарбековті үздік ойыншы деп таныды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
5 қараша күні "Сан-Сиро" стадионында өткен матчта "Интер" алматылық "Қайратты" 2:1 есебімен жеңді.
SofaScore деректеріне сәйкес, Темірлан Анарбеков сенімді ойыны мен бірнеше шешуші сэйві үшін 7,9 ұпай алып, командадағы ең жоғары бағаны иеленді.
Ал ең төмен баға бразилиялық шабуылшы Эдмилсонға бұйырды – оның көрсеткіші 5,9 ұпай болды.
Матчтағы жалпы үздік ойыншы ретінде "Интердің" қорғаушысы Карлос Аугусто танылды. Ол 8,3 ұпай жинап, жеңіс голын соққан.
Бұл жеңістен кейін "Интер" 12 ұпаймен Чемпиондар лигасының кестесінде көш бастап тұр. Ал "Қайрат" бір ұпаймен төменгі орында қалды.