фото: ашық дереккөзден
Қазақстанның танымал әзілкеші Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желілерде үлкен дау тудырды. Жеке өміріне қатысты ақпараттар жарияланғаннан кейін жұртшылық оның алдағы концертін өткізбеуді және билет сататын компанияларға бойкот жариялауды талап етуде.
Threads әлеуметтік желісінде қолданушылар #отменаҚабатов және #бойкот хэштегтері арқылы өз наразылығын білдіруде. Олар концерттің афишаларын алып тастауды және билет сатылымын тоқтатуды сұрап жатыр.
"Афишаны алып тастамайынша, бір билет те алмаймыз", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Алайда Тұрсынбек Қабатов бұл бойкотқа қарамастан еліміздің түкпір-түкпірінде өз концертін беріп жатыр. Күні кеше ғана Қонаев қаласында өзінің жеке кешін беріп, халықтың ықыласына бөленді.
"Шынайы қошеметтеріңізге мың алғыс, Қонаев қаласы", – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
