фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Шерхан Қалмырза мен Самат Смақов
"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза QJ League Instagram парақшасы ұйымдастырған блиц-сауалнамаға қатысып, бірқатар футболшы арасынан өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жас қақпашыға екі ойыншының аты ұсынылып, олардың арасынан біреуін таңдауы керек болды.
– Асхат Тағыберген немесе Бауыржан Исламхан?
– Исламхан.
– Исламхан немесе Бақтиер Зайнутдинов?
– Исламхан.
– Исламхан немесе Ғалымжан Кенжебек?
– Исламхан.
– Исламхан немесе Дастан Сәтпаев?
– Дастан Сәтпаев.
– Дастан Сәтпаев немесе Самат Смақов?
– Дастан Сәтпаев.
Айта кетейік, 19 жастағы Шерхан Қалмырза – "Жетісу" клубының бас бапкері Самат Смақовтың қызы Самира Смақованың сүйіктісі. Жас жұп өз қарым-қатынасын жасырмай, әлеуметтік желіде бірге түскен суреттерін жиі бөлісіп отырады. Сондай-ақ, Шерхан Қалмырза Смақовтар отбасымен жақын араласады, бұл олардың қарым-қатынасының байыпты әрі шынайы екенін аңғартады.