"Қайрат" футбол клубы маңызды матч алдында күтпеген хабарды естіді

"Қайрат" футбол клубы маңызды матч алдында күтпеген хабарды естіді

фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: "Қайрат" футбол клубы

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Үкімет ғимаратындағы кездесуде "Қайрат" футбол клубының ойындарын Астанаға ауыстыру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Лорияның айтуынша, клуб басшылығы бұл мәселе бойынша УЕФА-ға ресми түрде өтініш жіберген.

"Климаттық жағдайларға байланысты мұндай шешім ойын өткізу тұрғысынан анағұрлым ыңғайлы болмақ. Оның үстіне, елордадағы стадион еліміздегі ең үлкені болғандықтан, бұл көп жанкүйерге матчтарға қатысуға мүмкіндік береді", – деді Давид Лория.

Айта кетейік, қыс мезгілінде Алматыда ауа райы жиі қолайсыз болып, стадион жағдайы ойын өткізуге кедергі келтіреді. Сол себепті "Қайраттың" Еуропа және ел біріншілігі аясындағы ойындарын Астанадағы жылы жабық стадионда өткізу нұсқасы қарастырылып жатыр.