фото: ашық дереккөзден
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында өз отбасы туралы бұрын айтылмаған жайттарды бөлісті.
Ол ажырасу кезінде енесі тарапынан қолдау немесе басу болмағанын айтты.
"Анасы келіп басу айтып, араласпады. Өкінішке қарай үлкендер тарапынан тоқтау болмады", – деп қысқа қайырды ол.
Мөлдірдің айтуынша, тоқал алу мәселесінде де ол ешқашан келісім бермеген. Оның пікірінше, мұндай жағдай тек отбасындағы тыныштық пен берекені бұзады.
"Бұл ауыр тақырып, көзбояушылық. Өмір бойғы арпалыс, салыстыру. Берекеті етеді. Балаларға да қиын. Ең қиыны сол туыстарыма да айта алмай қалғаным. Өз балаларымнан, бауырларымнан ұялдым. Дастархандас болып жиналғанда түрлі себеп айтып бармай қалған кездерім көп болды. Тыныш қана ажырасып кетсек жақсы ғой. Барлық ел біліп, оны талқылап ажырасқан одан да бетер қиын екен", – деді ол.