Қазақ боксының аңызы Геннадий Головкин қуанышты хабарын жеткізді

Қазақ боксының аңызы Геннадий Головкин қуанышты хабарын жеткізді

фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

Қазақ боксының аңызы, Олимпиада жүлдегері әрі әлем чемпионы Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясындағы бір емес, үш бірдей маңызды қызметке ресми түрде үміткер болып тіркелді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

23 қарашада Италия астанасы Рим қаласында өтетін Дүниежүзілік бокс конгресінде президент, вице-президент және директорлар кеңесінің мүшелері сайланбақ. Сол үміткерлердің қатарында – Қазақстанның мақтанышы Геннадий Головкин де бар.

Головкин үміткер ретінде келесі лауазымдарға ұсынылған:

  • Президент: Геннадий Головкин, Мариолис Харилаос
  • Вице-президент: Геннадий Головкин, Чайват Чотима, Мохамед Тума, Райан О’Ши, Иштван Ковач
  • Директорлар кеңесі: Геннадий Головкин және тағы 11 халықаралық өкіл

Қазіргі таңда барлық үміткердің құжаттары тәуелсіз тексеру комиссиясында қаралуда. Соңғы шешім ұйымның жарғысы мен сайлау ережелеріне сай, тексеріс аяқталған соң қабылданады.

World Boxing жыл сайынғы конгресі – әлемдік бокс қауымдастығының маңызды жиыны. Мұнда ұйым мүшелері басқару құрылымын сайлап, спорттың дамуы мен қаржылық ашықтық мәселелерін талқылайды. Биылғы конгресте басты назар – жаңа президентті таңдау. Қазіргі президент Борис Ван дер Ворст әзірге уақытша атқарушы кеңес мүшесі болып қала береді.