"Үйінде болып, талай шайын ішкем": Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқановадан кешірім сұрады

"Үйінде болып, талай шайын ішкем": Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқановадан кешірім сұрады

фото: ашық дереккөзден

Актер Жахан Отарғалиев соңғы сұхбаттардан кейін ел арасында қызу талқыланған продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқановаға қолдау көрсетті.

Өнер иесі Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның отбасы жайлы тараған жаңалықтарға байланысты өз ойын білдіріп, бұрынғы жеңгесіне құрметін жеткізді.

"Жеңгемді қолдап кеткім келді. Өнер жолына келуіме себеп болған адам – Тұрсынбек ағам. Бір кездері олардың үйінде тұрдым, жеңгемнің шайын ішіп, екеуімен де жақсы араластым. Екеуін де сыйлаймын, жақсы көремін. Бәрі жақсы болсын", – деп жазды әзілкеш.

Сонымен қатар, Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқанованың қиын сәттерде көрсеткен қамқорлығын да еске алды.

"Өткен жылы менің әлеуметтік желідегі парақшам жабылып қалғанда, бірінші болып қолдау көрсеткен адам – Мөлдір жеңгем еді. Айтқызбай-ақ жәрдем берді. Біз 2008 жылдан бері таныспыз. Қашан барсам да, күліп қарсы алатын. Күн-түн демей, бір шәйнек шайымен жылы қарсы алғанына талай куә болдым", – деді ол.

Admin
Admin
Автор