фото: Offside.kz коллажы. Суретте: Айбек Оралбай мен Баходир Жалолов
Бокстан Өзбекстан құрамасының аға жаттықтырушысы Рахматжон Рузияхунов екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысу ықтималдығы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Париж-2024 Олимпиадасындағы жеңісінен кейін Жалолов кәсіби боксқа ауысқанын мәлімдеген еді. Алайда бапкердің айтуынша, қазіргі ережелерге сәйкес кәсіби спортшылардың Олимпиадаға қайта оралуына мүмкіндік бар. Бұл туралы ол ZBS Podcast YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
"Баходирдің үшінші Олимпиадаға қатысатыны туралы нақты айта алмаймын. Себебі құрамада жаңа буын, жас боксшылар өсіп келеді. Оның шәкірттері де бар. Бірақ бір нәрсеге сенімдімін – егер ол әлем чемпионатына немесе Олимпиадаға қатысса, міндетті түрде жеңіске жетеді", – деді Рузияхунов.