"Қайрат" футбол клубы маңызды матч алдында ел күтпеген мәлімдеме жасады

"Қайрат" футбол клубы маңызды матч алдында ел күтпеген мәлімдеме жасады

фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: "Қайрат" футбол клубы

Алматылық "Қайрат" футбол клубының ойыншылары Миланға аттанды. Команданың баспасөз қызметі ұжымның әуежайға келген сәтінен кадрларды жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Футболшылар мен бапкерлер Италияға жол тартып, онда УЕФА Чемпиондар лигасы аясында әйгілі "Интермен" кездеседі.

Желі қолданушылары мен жанкүйерлер командаға сәттілік тілеп, түрлі пікірлер қалдырды.

"Жарайсыңдар!", "Жеңіс тілейміз!", "3 ұпай алып келіңдер!", "Милан, дайындал, қазақтар бара жатыр!", "Жеңбесеңдер де, Миланды көресіңдер", "Дастан Сәтпаев, гол күтеміз!" – деп жазды жанкүйерлер.

Матч әйгілі "Джузеппе Меацца" стадионында өтеді. Ойын 5 қарашандан 6 қарашаға қараған түні Миланда өтеді. Кездесу Қазақстан уақыт бойынша сағат 01:00-де басталады.