"Екінші әйелі қарамаған": Мөлдір Мұқан Тұрсынбекке ота жасалғанда да жанынан табылған

"Екінші әйелі қарамаған": Мөлдір Мұқан Тұрсынбекке ота жасалғанда да жанынан табылған

фото: ozgeris.info

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанның жаңа суреті әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Блогер Айсұлу ханымның айтуынша, Тұрсынбек ауыр отаға түскен кезде оның қасынан табылған — дәл осы Мөлдір Мұқан болған. Ол бұрынғы жұбайының жағдайына алаңдап, көз жасына ерік берген.

"Мөлдірдің бұрынғы жұбайы ауырып қалғанда, ауруханада оның жанында болдым. Жүрегі жаралы болса да, ерінің ауырғанына жаны ауырды. Амандығын тіледі. Тұрсынбек ауырып жатқанада, оған екінші әйелі емес, Мөлдір барып қарады", – деп жазды ол.

Мөлдір Мұқан сол қиын күндерді еске алып, Тұрсынбектің жарақат алған себебін өзі де толық білмейтінін айтқан.

"Адамның басы 100 процент домалақ болса, соның 25 процентін алған ғой. Басты ашып, ота жасаған. Оның бас сүйегін қайтадан орналастыра алмайды екен. Тек бас сүйектің орнына пластик қояды. Операциядан соң үйге келді, емделіп жүрді. Ер адам басына күн туса, өзінің әйелін іздейді ғой, сондайы бар енді. "Тұрсынбек, сен неге сондайсың?" – деп күлем ғой. Енді, өнер адамдары ауырмайды деген заңдылық жоқ қой. Танымал адам болған соң ел-жұрт денсаулығына алаңдады. Мен де, ұл-қыздары да бәріміз өзімізді қоярға жер таппадық", – деді Мұқанова.

Admin
Admin
Автор