фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов
Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі жайлы түрлі ақпарат бөлісіп, қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info.
TikTok-та тараған видеоларда әзілкештің тоқалының жасы мен шыққан жері жайлы пікірлер айтылуда. Бір қолданушы: "1997 жылғы қыз дейді. Егер ол рас болса, Тұрсынбек 14 жыл бойы көзге шөп салып жүрген бе?" – деп жазған.
Оған жауап берген басқа қолданушылар: "1994 жылғы ғой. 9-сынып бітіріп, Қызылордадан Алматыға биден оқуға түседі. Содан кейін Тұрсынбектің концерттерінде биші болып, жұмысқа тұрады. Солай сол жақта жүріп қаратып алған", – деп жауап берді TikTok қолданушысы.
Ал тағы бір деректе оның аты-жөні Айман Талғатқызы, 1993 жылы туған делінеді.
Айта кетейік, бұған дейін Telegram арналарында да Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалы Қызылорда облысының тумасы екені туралы ақпараттар жарияланған болатын.