"Мазаны алып, шаршатып жібереді": Шерхан Қалмырза ел күтпеген пікірді айтты

"Мазаны алып, шаршатып жібереді": Шерхан Қалмырза ел күтпеген пікірді айтты

фото: sportinside.kz коллажы

Астанада жас футболшыларға арналған QJ League Awards марапаттау рәсімі өтті. Шараға қатысқан «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза Kursiv.Media тілшісіне сұхбат беріп, танымалдылықтың өз өміріне қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

«Шынымды айтсам, танымал болу көп энергияны алады екен. Отбасыммен бірге қалаға шықсам, адамдар жиі танып, суретке түсуге немесе сөйлесуге тырысады. Кейде бұл мазаны алып, шаршатады. Бірақ оған көңіл аудармауға тырысамын. Басты мақсатым — өз кәсібімде биік жетістіктерге жету», – деді жас қақпашы.

Шерхан сондай-ақ өзін көпшілікке танытқан тарихи «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуін де еске алды.

«Бұл — футбол әлемінің алыбына қарсы ойын болды, қатты қысым сезілді. Бірақ ол матч мен үшін баға жетпес тәжірибе болды. Енді “Қайратпен” бірге жоғары нәтижелерге жетіп, клубты Чемпиондар лигасында жаңа деңгейге көтергім келеді», – деп бөлісті ол.

Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өткен тарихи матчта «Қайрат» испандық «Реал Мадридтен» 0:5 есебімен жеңілген. Дегенмен, сол ойында Шерхан Қалмұрзаның шебер сейвтері көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, оны бір сәтте танымал етті.