"Мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін": Тұрсынбек Қабатов Мөлдірдің сөзін жоққа шығарды

"Мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін": Тұрсынбек Қабатов Мөлдірдің сөзін жоққа шығарды

фото: instagram/tursynbek_kabatov_resmi. Суретте: Тұрсынбек Қабатовтың отбасы мен жақындары

Белгілі шоумен әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, бұрынғы жары Мөлдір Мұқанованың сұхбатында айтылған кей деректерді теріске шығарды.

«Ардақты ағайын! Мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін. Олармен әрдайым біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, бұдан кейін де солай бола береді. Алла баршамызға денсаулық берсін!», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында 14 жылдық некенің ресми түрде аяқталғанын айтып, ажырасуға Тұрсынбектің көңіл қатынасы себеп болғанын жеткізген еді.

Admin
Admin
Автор