"Кеттің бе, тыныш қана кет": Танымал әзілкештің бұрынғы әйеліне жазған хаттары тарап кетті (ФОТО)

"Кеттің бе, тыныш қана кет": Танымал әзілкештің бұрынғы әйеліне жазған хаттары тарап кетті (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жары Фариза Алмазқызына арнаған жазбасы тарап, көпшіліктің назарын аударды.

Жазбада актер экс-әйеліне қатқыл сөздер айтып, оның өмір салты мен мінезіне қатысты сыни пікір білдірген. Ол бұрынғы жұбайына жеке өмірімен тыныш айналысып, өзгелерге шағымдануды доғаруға кеңес берген.

"Өміріңді тыныш сүр, менің саған қатысым жоқ. Мен Аллаға шүкір, өз жағдайыммен жүрмін. Жұмыс істеп, үйіңді асыра. Менен алатыныңды әлдеқашан алғансың. Зарлай бермей, тірлігіңді жаса. Сенің сұлулығың кімге керек, ішкі әлемің лас болса. Талай сенен сұлу, ақылды қыздар бар. Сондықтан әркімнің өміріне килікпей, өз жолыңмен кет", – деп жазған Нұрсұлтан Жақсыген.

Admin
Admin
Автор