Қазақстандық теннисші тарихта болмаған жеңіске жетіп, сенсация жасады

Қазақстандық теннисші тарихта болмаған жеңіске жетіп, сенсация жасады

фото: Thomas F. Starke/Getty Images. Суретте: Александр Бублик

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Парижде өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Бұл – оның мансабындағы алғашқы "Мастерс" жартылай финалы, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлемдік рейтингтің 16-шы сатысында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик ширек финалда әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын аустралиялық Алекс де Минаурмен кездесті. Тартысты өткен матч үш сетке созылды, ал алғашқысы тай-брейкпен аяқталды. Бублик ерік-жігер танытып, кездесуді 6:7 (5:7), 6:4, 7:5 есебімен өз пайдасына жаза білді.

Екі теннисші кортта 2 сағат 23 минут болды. Осы уақытта Бублик 16 эйс орындап, 4 қосар қате жіберді және 5 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Ең бастысы – ол өз геймін бірде-бір рет қарсыласына бермеді.

Осылайша Александр Бублик алғаш рет беделді "Мастерс" турнирінің жартылай финалына шықты. Енді ол финал жолдамасын әлемнің оныншы ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен сарапқа салады.