Ресейдің Екатеринбург қаласында отбасылық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды – 20 жастағы жігіт өз анасын өлтіріп, денесін жасырған. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
Тергеу мәліметінше, ана мен ұлдың арасында тұрмыстық және жұмысқа байланысты жиі кикілжің туындап жүрген. Тағы бір даудың соңы қантөгіске ұласып, оны өлтіріп, денесін орманға апарып тастаған. Ал басын басқа жерге көмген.
Белгілі болғандай, жігіт бұған дейін мал союмен айналысқандықтан, қылмысты жасау оған қиын болмаған.
Оқиғадан кейін ол ізін жасыра алмай, полиция қызметкерлері оны сол маңнан ұстаған. Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторында.
Ресейдің Тергеу комитеті қасақана адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.