"Себебін білмей, артық сөкпеңдер": Махмұдтың қалыңдығы ел естімеген шындықты айтты

"Себебін білмей, артық сөкпеңдер": Махмұдтың қалыңдығы ел естімеген шындықты айтты

фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның қайтадан үйленгені туралы ақпарат тараған соң, жұрт назарын оның қалыңдығы Айғаным Ержігітова аударды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Боксшының жаңа отбасылық қуанышын бейнелейтін видеолар Айғанымның парақшасында жарияланып, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Тойдан кейін Айғаным Ержігітова жеке жазба қалдырып, желідегі түрлі пікірлерге сабырмен жауап берді:

“Барлығын көріп, біліп отырсыздар. Әр нәрсенің өз себебі бар. Себебін білмей, артық сөге көрмеңіздер. Бір күні бәрінің жауабы табылады. Өткен өмір артта қалды – біз жаңа өмір бастадық. Алдағы күнмен ғана өмір сүреміз. Ешкімнің сөзі маңызды емес”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан — Қазақстанның ең үздік жас боксшыларының бірі. Ол 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанып, Париж Олимпиадасында 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған болатын.