"Балаларым үшін... сынбаймын": Мөлдір Мұқан ел естімеген шындығы мәлім болды (ВИДЕО)

"Балаларым үшін... сынбаймын": Мөлдір Мұқан ел естімеген шындығы мәлім болды (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқан қызымен

Танымал актриса әрі продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба қалдырып, өзінің шығармашылық өмірінде жаңа белесті бағындырып жатқанын айтты.

"Балаларым шабытымның демеушісі, шынайы мотиваторларым. Өмір маған сынақ жіберді, бірақ мен сүрінбедім. Себебі, мені алға жүруге сүйрейтін балапандарым бар. Солар үшін өрлеймін. Сынбауға тиіспін. Енді, менің шығармашылығым жаңа белеске қадам басты. Киномызға келсеңіз біз сізді дәл осындай көңілді нотада қарсы алуға дайынбыз", – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Мөлдірдің жазбасынан кейін желі қолданушылары актрисаны жылы лебізге бөледі. Көпшілік оны "нағыз мықты ана әрі шабыттың символы" деп атап, алдағы фильмінің табысқа жетуін тіледі.

"Киносы миллиард жинасын, балаларының несібесіне болсын", "Сендей жарқын әйелге Алла жар болсын, тек алға", "Қазақтың қара домалақ қыздарын қолдайық, Мөлдірдің еңбегі еленсін", – деп жазды желі қолданушылары.

Admin
Admin
Автор