Сұмдық жағдай! Келін енесінің етінен манты жасап, көршілеріне берген

Сұмдық жағдай! Келін енесінің етінен манты жасап, көршілеріне берген

фото: upl.uz

Өзбекстанда бірнеше жылға созылған отбасылық кикілжің адам өліміне ұласты, деп хабарлайды Millar басылымы.

Тергеу материалдарына сәйкес, келін мен ененің арасындағы араздық ұзақ уақыттан бері жалғасып келген. Өзара түсінбеушілік пен қызғаныштың салдарынан үйде жиі жанжал туындап отырған. Ақыр соңында, келін ашуға ерік беріп, енесіне пышақ жарақатын салған. Әйел сол жерде көз жұмған.

Қылмысын жасыру мақсатында келін мәйітті бөлшектеп, аулаға көмген. Күйеуі болған жағдайды білген соң, әйеліне наразылығын білдірген, алайда ол да әйелінің қолынан қаза тапқан.

Оқиғадан кейін келін ештеңе болмағандай кейіп танытып, асүйге кіріп, манты пісіріп, оны көршілеріне таратқан. Осылайша ол айналасындағылардың күдігін сейілткісі келген. Алайда көп ұзамай шындық әшкере болып, әйел ұсталды.

Сот оны кінәлі деп тауып, 12 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Admin
Admin
Автор