Жәнібек Әлімханұлына әлемнің абсолютті чемпионы сес көрсетіп, үндеу жасады

Жәнібек Әлімханұлына әлемнің абсолютті чемпионы сес көрсетіп, үндеу жасады

фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфорд қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлына сәттілік тілеп, оның жекпе-жектерін қадағалап жүргенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жәнібек Әлімханұлының әлеуметтік желідегі парақшасында оның менеджері Эгис Климас пен Кроуфорд арасындағы бейнежазба жарияланған. Онда америкалық чемпион қысқаша былай дейді:

"Сені бақылап жүрмін, Жәнібек. Сәттілік!"

Бұған дейін Теренс Кроуфорд мансабын жалғастырудың бір нұсқасы ретінде орта салмақта жұдырықтасуды қарастырып жүргенін мәлімдеген еді.

Бұл салмақта чемпиондық белбеулердің басым бөлігі Жәнібек Әлімханұлының қолында – ол WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Сондай-ақ осы дивизионда доминикандық Карлос Адамес пен кубалық Эрисланди Лара да бар.

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі биыл 6 желтоқсанда АҚШ-тағы Сан-Антонио қаласында өтеді. Ол Frost Bank Center аренасында кубалық 42 жастағы Эрисланди Ларамен күш сынасады. Бұл кездесудің жеңімпазы бірден үш чемпиондық белбеуді – WBA, WBO және IBF атақтарын иеленеді.