фото: Ulysmedia.kz коллажы
Шерзат ісінде жәбірленуші тараптың құқығын қорғаған заңгер Мейірман Шекеев желідегі парақшасында жаңа видео жариялады.
"Бүгін лайығы да, лайықсызы да ерең еңбектері үшін деп, парасат, Құрмет грамоталарымен ордендерге, шетінен марапатталып жатыр екен. Көбісін қарапайым халық еңбегін тұрмақ, өздерін де танымайды. Көбісіне халыққа емес, мемлекетке қызметі үшін берілген сияқты. Ал шынайы халық қалайтын тұлғалар тізімге кірмеген сияқты. Сондықтан мен өз атымнан және маған өз атынан сөйлеуге рұқсат беретін халық өкілдерінің атынан бір жанды марапаттауды ұйғардым. Президент мырза, марапаттасаңыз осындай халықтың сүйіспеншілігіне ие болған жандарды марапаттаңыз. Қолдайсыздар ма? Қолдасаңыздар, қолдаймын деп пікір қалдырып, лүпіл басып кетіңіздер", – деп жазды Мейірман Шекеев.