фото: Фото ашық дереккөзден
«Қайрат» футбол клубы құрамын жаңа ойыншымен толықтырды. Алматылық ұжым бразилиялық шабуылшы Рикардиньоны қатарға қосты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
24 жастағы форвард Алматыға келіп, командамен жаттығу жұмыстарына кірісіп кеткен. Ол Қазақстан клубына бір жылға жалға берілді. Кейін келісімшартты толық сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Қазіргі уақытта Рикардиньоның ойын құқығы Чехияның «Виктория Пльзень» командасына тиесілі.
Жылдамдығымен және шабуыл шебіндегі шебер әрекеттерімен танымал ойыншы алдағы маусымда «Қайраттың» шабуыл желісін күшейтуге үмітті. Transfermarkt порталының мәліметінше, Рикардиньоның нарықтық құны – 800 мың еуро.