"Қолдау сұраймын! Әділдік орнасын": Танымал заңгер қазақ халқына үндеу жасады (ВИДЕО)

31 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Ulysmedia.kz. Суретте: Мейірман Шекеев

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшіліктен қолдау сұрады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Соңғы айларда танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде қырғыз және қазақ халқына қатысты әдепсіз және қорлайтын мазмұндағы видеолар жариялап, қоғам тарапынан үлкен сынға ұшыраған болатын.

"Барлығыңыздан қолдау сұраймын. Өйткені бұл – тек менің емес, бүкіл қазақ халқының намысы. Қазақ еліне тіл тигізу – бәрімізге ортақ ауыр сөз. Біз үнсіз қалмауымыз керек", – деп жазды Мейірмае Шекеев.

Шекеевтің айтуынша, Қырғызстанның құқық қорғау органдары Екатерина Бивалға қатысты қылмыстық іс қозғап, оны сырттай қамауға алу туралы қаулы шығарған. Ал Қазақстан тарапынан әлі ресми әрекет байқалмағанына назар аударды.

"Қырғызстан құқық қорғау органы Екатерина Бивалға қатысты қылмыстық істе қозғап, оны сырттай қамауға қаулы да шығарып қойды. Ал Біздің Ішкі істер министрлігіміз осы уақытқа дейін неге үнсіз қалды? Сондықтан өзімізге әрекет етуге тура келеді!!! Барынша @qriim_mvdrk белгілеп, бейнені таратын болсаңыздар, құқық қорғау органы істі баянатпен ақ қозғай салады. Бұл 1-2 адамның ғана шаруасы емес, барлыңымыздың ісіміз болу керек! Әділдік орнағанын қалаймыз", – деп жазды заңгер.

Тэгтер:

Мейірман Шекеев Екатерина Бивол