Қаралы хабар: 26 жастағы танымал волейболшыны тоқ соғып, қайтыс болды

Қаралы хабар: 26 жастағы танымал волейболшыны тоқ соғып, қайтыс болды

фото: pixabay.com

Иран ұлттық құрамасының белгілі волейболшысы Сабер Каземи жаттығудан кейін бассейнде тоқ соғып, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қайғылы оқиға спортшы Катардың "Эр-Райян" клубында ойнап жүрген кезінде болған. Электр тогының соғуынан кейін ол ауыр бас-ми жарақатын алып, дереу жансақтау бөліміне жеткізілген.

Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрес жүргізіп жатыр. Иран волейбол федерациясы ресми мәлімдеме жасап, медициналық комиссия спортшының ми өлімі фактісін растағанын хабарлады.

"Медициналық комиссия бұрынғы ұлттық құраманың ойыншысы Сабер Каземидің миының өлімі туралы қорытынды жасады", – делінген ұйым хабарламасында.

Соған қарамастан, дәрігерлер әзірге спортшыны өмірін қамтамасыз ететін аппараттардан ажыратқан жоқ. Ол әлі де реанимацияда жатыр.

Айта кетейік, 26 жастағы Сабер Каземи 2021 жылы Азия чемпионатында Иран құрамасымен бірге алтын медаль жеңіп алып, сол турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) атанған болатын.