Елдос Сметов Динара Сәтжанның күйеуі сыйлаған көлікті сатып, жаңасын алды (ФОТО)

Бүгін, 10:14 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/yeldos60kg. Суретте: Елдос Сметов

Белгілі дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жаңа көлігін көрсетіп, көпшілікті қуантты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшының бауыры Жандос Сметов әлеуметтік желідегі парақшасында ағасын құттықтап, бірге түскен суретті жариялаған.

"Тұлпарың құтты болсын, бауырым!", – деп жазды ол Instagram-да.

Жарияланған фотодан Елдос Сметовтың жаңа темір тұлпардың жанында тұрған сәтін көруге болады. Желі қолданушылары да спортшыны қуанышымен құттықтап, жылы пікірлер қалдыруда.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сметов өзіне сыйға берілген Mercedes AMG GLE маркалы көлігін сатылымға шығарған болатын.

Тэгтер:

Елдос Сметов дзюдо көлік