Елдос Сметов Динара Сәтжанның күйеуі сыйлаған 45 млн теңгенің көлігін сатпақшы (ФОТО)

Елдос Сметов Динара Сәтжанның күйеуі сыйлаған 45 млн теңгенің көлігін сатпақшы (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзіне сыйға берілген көлікті сатуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшы Mercedes маркалы темір тұлпарын 45 миллион теңгеге бағалаған.

Ол Instagram парақшасындағы stories бөлімінде көліктің суретін жариялап, сатылымға шығарылғанын хабарлаған. Сонымен қатар, Елдос Сметов болашақ иесіне жұғысты болсын деп тілек білдірген.

Белгілі болғандай, спортшы сатылымға қойған көлік – Mercedes AMG GLE. Бұл автокөлік оған 2024 жылы Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов (тележүргізуші Динара Сәтжанның жұбайы) сыйға тартқан болатын.

Kolesa.kz сайтындағы хабарландыруға сәйкес, Елдос Сметов көлікті 45 млн теңгеге және шұғыл түрде сататынын атап өткен.