фото: ашық дереккөзден
Бүгін Мәжіліс қабырғасында балалардың құқығын қорғауға бағытталған заңға маңызды түзетулер енгізілді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт өз парақшасында мәлімдеді.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді балалар мен жасөспірімдерге дәстүрлі емес жыныстық бағдарды, педофилияны насихаттау немесе оған оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған кез келген әрекет заңмен жазаланатын болды.
"Бүгін мәжіліс қабырғасында Қазақстан республикасының бала құқықтары туралы заңына өте маңызды өзгеріс енгізілді. Жалпы мағынасы мынадай мәтінде: Балалар мен жасөспірімдерге арнап дәстүрлі емес жыныстық бағдарды, педофилияны насихаттайтын, оған бейімділік туралы оң пікір қалыптастыру мақсатында көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация, масс медиа, әлеуметтік желі құралдарын пайдаланып насихаттау заңмен қудаланады! Менің ойымша, ұрпақ алдында ұялмайтын норма. Қуанышымды жасыруға шамам келмеді. Сондықтан сіздерге хабарлап отырмын ағайын. Сіздер де қуанышты деп ойлаймын", – деп жазды Ринат Зайыт.
 
								 
                             
         
         
         
        